«Дін және заманауи қоғам» атты кездесу кеші өтті.

12 қаңтар күні Сауытбек ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен «Дін және заманауи қоғам» атты кездесу кеші өтті. Іс-шараға тұрақты оқырмандар және «Асайын кәлпе» мешітінің имамы Шаттық Қамаубаев қатысып, оқырмандарға қазіргі кездегі діни ахуалдың қалыптасуы, жат діни ағымдардың қоғамға ықпалы туралы, діни наным-сенімдерді ажырата білуге, жат діни ағымдардан аулақ жүруге, жас ұрпақты ұлтжандылыққа, адамгершілікке, тілі мен дінін құрметтейтін, сананасы терең, көкірегі ояу, ұлттық қасиеттерін бағалай білу керектігі жайында айтып, мағыналы, ғибратты әңгімелерімен бөлісті. Кітапхананың тұрақты оқырмандары көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, нақты жауаптарын алып, діни сауаттылықтарын арттырды.