“Қонаев -парасат пен ұлт рухының символы” атты еске алу кеші өтті.
12 қаңтар күні Бірлік ауылдық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен аса көрнекті қоғам қайраткері Д.А.Қонаевтың туған күніне орай “Қонаев -парасат пен ұлт рухының символы” атты еске алу кеші өтті. Іс-шара бір минут еске алумен басталып, кітапханашы Қонаевтың өмір жолымен ел дамуына қосқан үлесі туралы айтып, оның ел басқарудағы еңбектеріне тоқталды. Сондай-ақ кітап қорындағы кітаптарға шолу жасап, оқуға кеңес берді




