«Елі барда елеусіз қалмайды» тақырыбымен сыр кеші өтті.
12 қаңтар күні Бірлікүстем ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен Алаштың ардақтысы, ұлтымыздың ұлы тұлғасы Д.А.Қонаевтың туған күніне орай «Елі барда елеусіз қалмайды» тақырыбымен сыр кеші өтті. Кітапханашы қатысушы оқырмандарға Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың өмірі мен қызметі туралы мағлұмат беріп, оның ел дамуына қосқан зор үлесімен таныстырып өтті. Мақсаты: Оқушыларға қазақ елінің біртуар азаматы Д. А. Қонаев туралы жан жақты түсінік қалыптастыру, кемеңгер тұлғаның қоғамға және мемлекетке сіңірген еңбегі, экономика мен саясаттағы реформаларына талдау жасау арқылы білімдерін толықтыру.



