«Қазағын ұлықтаған қайраткер» тақырыбында сыр кеші өтті.

12 қаңтар күні «Қазағын ұлықтаған қайраткер» атты сыр кеші*

№1 Шу қалалық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен Төле би атындағы орта мектебінің 9-сынып оқушыларының қатысуымен мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туған күніне орай «Қазағын ұлықтаған қайраткер» тақырыбында сыр кеші өтті.

Іс-шара барысында кітапханашы: «Әр дәуірдің өз тұлғасы, өз заманына лайықты кемеңгері болады. Қазақ халқының тарихында да болмысымен дараланған, терең білімімен, ақыл-парасатымен, көрегендігімен ерекшеленген ұлы тұлғалар өмір сүрді. Солардың бірі – елін сүйген, халқына қалтқысыз қызмет еткен Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев» – деп атап өтіп, оның өмір жолына, мемлекетке сіңірген еңбегіне кеңінен тоқталды.

Кеш барысында оқушылар Қонаевтың өмірі мен қызметі жайында баяндамалар оқып, тұлғаның өнегелі өмірі туралы ой бөлісті. Сонымен қатар, кітапхана қорындағы Д.А.Қонаевқа арналған әдебиеттерге шолу жасалып, көрме ұйымдастырылды.

Шараның мақсаты – оқушыларға көрнекті қайраткердің өмірін үлгі ете отырып, отансүйгіштікке, елін құрметтеуге тәрбиелеу.