«Абылай хан: Ерлік пен елдіктің символы» атты портрет кеші өтті.
9 қаңтар күні Мойынқұм ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен «Абылай хан: Ерлік пен елдіктің символы» атты портрет кеші өтті.
Кеш барысында кітапханашы Абылай ханның қазақ мемлекеттілігін нығайтудағы еңбегі, жоңғар шапқыншылығы кезіндегі ерлігі, ел бірлігін сақтаудағы даналығы және тарихи тұлға ретіндегі орны қамтылғаны туралы айтып өтті.



