«Қонаев ғасыр адамы» атты тичин өткізілді.

9 қаңтар күні №2 Шу қалалық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев «Қонаев ғасыр адамы» атты тичин өткізілді.Іс-шара барысында Д. А. Қонаевтың өмір жолы, мемлекеттік қызметтегі қайраткерлігі, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан өлшеусіз еңбектері кеңінен таныстырылды. Сонымен қатар оның ел басқарудағы көреген саясаты, ғылым мен өндірісті дамытудағы рөлі, халқымыздың әл-ауқатын арттыру жолындағы игі істері туралы мазмұнды мәліметтер айтылды.

Тичин барысында қатысушылар ұлт тарихында өшпес із қалдырған тұлғаның адамгершілік болмысы мен елге сіңірген еңбегін тереңірек танып, тағылымды ой-пікірлермен бөлісті.