«Халық қаһарманы» атты ақпараттық сағат өткізілді.

9 қаңтар күні Далақайнар ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен тұрақты оқырмандар қатысуымен Халық қаһарманы, ұшқыш-ғарышкер Талғат Мұсабаевтың 75 жыл толуына орай «Халық қаһарманы» атты ақпараттық сағат өткізілді.

Іс-шара барысында кітапханашы оқушыларды Талғат Амангелдіұлының өмір жолымен таныстырып, оның үш мәрте ғарышқа ұшып, ашық ғарышқа шыққан ерлігі арқылы еліміздің атын әлемге танытқанын атап өтті. Сондай-ақ, отандық аэроғарыш саласының дамуына қосқан үлесі, қоғам қайраткері және Сенат депутаты ретіндегі еңбектері туралы кеңінен мәлімет берілді.