«Ғарышкері қазақтың» тақырыбында тұлға тану сағаты өтті.

8 қаңтар күні №3 Шу қалалық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен С.Сейфуллин мектебінің 9 сынып оқушыларының қатысуымен Қазақстанның Халық қаһарманы, ғарышкер, техника ғылымдарының докторы Т.Мұсабаевтың 75 жылдық мерейтойына орай «Ғарышкері қазақтың» тақырыбында тұлға тану сағаты өтті. Шара барысында оқушылар ғарышкердің кәсіби және ғылыми қызметінің негізгі кезеңдерімен таныстырылып, өмір жолындағы маңызды оқиғалары баяндалды.