«Ұрпаққа үлгі болған тұлға» атты ерлік кеші өтті.
8 қаңтар күні орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлім қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Е.Бекмаханов мектеп гимназиясының 9-сынып оқушыларының қатысуымен Талғат Мусабаевтың 75 жылдығына орай «Ұрпаққа үлгі болған тұлға» атты ерлік кеші өтті.Шара барысында кітапханашы Қазақстанды әлемге танытқан нағыз батыр,
ғылым мен авиацияның дамуына өлшеусіз үлес қосқан Т.Мусабаевтың өмір жолымен таныстырып өтті. Мақсаты: Қазақтың үш мәрте ғарышқа ұшқан батыры Талғат Мұсабаевтың өмір жолын насихаттап, оқушыларды ерлікке, білімге, мақсатқа ұмтылуға баулу.




