“Ауыл шежіресі – ұрпақтан ұрпаққа” атты дәріс өтті.

24 желтоқсан күні Ақтөбе ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен “Ауыл шежіресі – ұрпақтан ұрпаққа” атты дәріс кітапхананың тұрақты оқырмандары арасында өтті.

Іс-шараның мақсаты:

Ауылдың тарихын, қалыптасу кезеңдерін, ұлттық құндылықтарды сақтау және ұрпақтар сабақтастығын нығайту.

Ауылдың шығу тарихы мен атауының мәнін таныстыру, елге еңбегі сіңген ардагерлерді, зиялы тұлғаларды дәріптеу.

Іс-шара барысында ауылдың өткен тарихы туралы деректер, туған өлке жайлы жазылған кітаптар ұсынылды.

Кітапханашы туған ауылдың тарихын тереңірек танып, ата-баба мұрасына құрметпен қарауға, ұрпақтар арасындағы рухани байланыс нығайта білу керетігі жайлы айтып өтті.