«Жүрек лүпілінен туған өлең» атты әдеби вернисаж өтті.
24 желтоқсан күні Көктөбе ауылдық кітапханасында Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, қаламы қуатты ақын Шырын Мамасерікованың 80 жыл толуына орай «Жүрек лүпілінен туған өлең» атты әдеби вернисаж өтті. Іс шара барысында кітапханашы оқырмандарымызға Ш.Мамасерикованың өмірбаянымен таныстырып, кітаптарға шолу жасады.




