«Жұмбақ ақын» тақырыбында мәнерлеп оқу өткізілді.
23 желтоқсан күні Алға ауылдық кітапхана қызметкерінің
ұйымдастыруымен «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында Жұмекен Нәжімеденовтің 95 жыл толуына орай «Жұмбақ ақын» тақырыбында мәнерлеп оқу өткізілді. Шара барысында оқушылар Жұмекен Нәжімеденовтің өмірі мен шығармашылығымен танысып, ақын өлеңдерін нақышына келтіре оқыды. Поэзиядағы философиялық ой мен рухани тереңдік ашылып, оқушылар көркем сөздің құдіретін сезінді.




