«Дін және қоғам» атты тәрбие сағаты өткізілді.
22 желтоқсан күні Оразалы ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен Кенен Әзірбаев атындағы орта мектеп қызметкерлерінің қатысуымен «Дін және қоғам» атты тәрбие сағаты өткізілді.
Іс-шараның мақсаты — діннің адам өміріндегі орны мен маңызын түсіндіру, қоғам мен руханияттың өзара байланысын насихаттау. Шара барысында ауыл имамы сөз сөйлеп, діннің адамды имандылыққа, адалдыққа, әділдікке, адамгершілікке тәрбиелейтінін атап өтті. Сонымен қатар, қоғам — адамдардың бірлесіп өмір сүруі мен дамуын қамтамасыз ететін орта екенін түсіндіріп, ұрпақ тәрбиесіндегі діннің рөлі жайлы ой бөлісті.
Тәрбие сағаты қатысушыларға рухани тәрбие мен қоғамдық сананың үйлесімді дамуы жөнінде пайдалы ақпарат беріп, маңызды ой салды.



