«Қазақтың бұлбұлы – Бибігүл» атты портреттік кеш ұйымдастырды.

17 желтоқсан күні орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің қызметкерлері Е.Бекмаханов атындағы мектеп-гимназиясында «Қазақтың бұлбұлы – Бибігүл» атты портреттік кеш ұйымдастырды.

Аталған іс-шара қазақ өнерінің мақтанышы, әлемге әйгілі Бибігүл Төлегенованың өмір жолы мен шығармашылығын кеңінен насихаттауға арналды. Кеш барысында өнер иесінің сахнадағы айрықша қолтаңбасы, ұлттық мәдениетті дамытудағы еңбегі, қазақ ән өнерін халықаралық деңгейде танытудағы рөлі туралы мазмұнды деректер ұсынылды.Портреттік кештің негізгі мақсаты – жас ұрпаққа қазақтың дәстүрлі ән өнерін дәріптеу, рухани құндылықтарды ұлықтау және ұлттық мәдениетке құрмет сезімін қалыптастыру болды.