«Дала дауылпазы» атты сыр кеші өтті.
15 желтоқсан күні Сауытбек ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен көрнекті күйші-композитор Дәулеткерей Шығайұлының 205 жылдық мерейтойына арналған «Дала дауылпазы» атты сыр кеші өтті.
Сыр кеші барысында кітапханашы ұлы күйшінің өмір жолы мен шығармашылық мұрасына кеңінен тоқталып, оның қазақ халқының тарихи-мәдени қазынасындағы айрықша орны мен ұлттық аспаптық музыканың қалыптасуы мен дамуына қосқан сүбелі үлесін атап өтті. Дәулеткерей Шығайұлының күйлері арқылы ел тарихы, халықтың рухани болмысы мен терең философиялық ойлары көрініс табатыны ерекше айтылды.



