«Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» атты дөңгелек үстел өтті.
12 желтоқсан күні Абай ауылдық кітапханасында 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» атты дөңгелек үстел өтті.
Шараның мақсаты – жастарға Тәуелсіздіктің маңызын түсіндіру, егемендіктің құндылықтарын насихаттау және елжандылық сезімін қалыптастыру.
Кездесу барысында қатысушылар Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы тарихи оқиғалар, ел дамуына үлес қосқан тұлғалар және мемлекеттік рәміздердің маңызы жөнінде пікір алмасты. Кітапханашы тақырыпқа қатысты кітаптарға шолу жасады.



