«Туелсіздік туы желбіре» атты тарихи сағат өткізілді.
12 желтоқсан күні Далақайнар ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен оқырмандардың қатысуымен «Туелсіздік туы желбіре» атты тарихи сағат өткізілді.
Іс-шара барысында кітапханашы Тәуелсіздік күні туралы мағлұмат бере отырып, Тәуелсіздік ең басты құндылығымыз екенін айтып өтті. Осы тарих сағатына қатысқан оқырмандар Қазақ елінің тәуелсіздігі жолында құрбан болған ағаларымыз туралы жазылған өлеңдерін оқыды.
Кітапханашы кітап қорындағы «Желтоқсан көтерілісі» атты көп томдық кітаппен оқушыларды таныстырып, кітапқа шолу жасады.



