«Желтоқсан қаһармандары» тақырыбында вернисаж өткізілді.
12 желтоқсан күні №2 Шу қалалық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Желтоқсан қаһармандары» тақырыбында вернисаж өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының тарихи маңызын жас ұрпаққа жеткізу, ерлік пен қайсарлық танытқан желтоқсаншылардың рухына тағзым ету, сондай-ақ жастардың патриоттық сезімін арттыру болды.



