«Елімнің бақытын тербеткен -Тәуелсіздік» тақырыбымен әдеби кеш болып өтті.
12 желтоқсан күні Бірлікүстем ауылдық кітапханасында 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне арналып «Елімнің бақытын тербеткен -Тәуелсіздік» тақырыбымен әдеби кеш болып өтті.
Жастардың ел тарихын терең тануына ,отансүйгіштікке ,бірлік пен пен татулыққа тәрбиелеу,тарихи өткенді насихаттау барысында өткізілген бұл іс-шара барысында кітапханашы қатысушыларға тәуелсіздікке жету жолындағы тарихи оқиғаларға шолу жасап,тәуелсіздік бізге оңайлықпен келмегенін,тәуелсіздік жолында құрбан болған желтоқсаншыл қаһармандар туралы айтып өтті.Кеш соңында «Тәуелсіздік-ел ұраны» кітап көрмесіне шолу жасады.





