«Аты – аңыз, сөзі нақыл, өзі батыр» атты ерлік кеші өтті.
11 желтоқсан күні Мойынқұм ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен қазақ халқының даңқты перзенті, ұлт қаһарманы Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына орай «Аты – аңыз, сөзі нақыл, өзі батыр» атты ерлік кеші өтті.
Кеш барысында Б.Момышұлының кітаптары таныстырылып, оның Ұлы Отан соғысындағы ерлігі, қолбасшылық қасиеті, жазушылық мұрасы және нақыл сөздері туралы қысқаша мәлімет берілді. Қатысушылар батырдың өмірінен қызықты деректер тыңдап, оның ұрпаққа қалдырған рухани мұрасы талқыланды.


