«Жол таптым бар халықтың жүрегіне» тақырыбында оқырман бенефисі өткзілді.

11 желтоқсан күні Бірлікүстем ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі, қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстан Ғылым академиясының академигі Сәбит Мұқановтың 125 жылдығына орай «Жол таптым бар халықтың жүрегіне» тақырыбында оқырман бенефисі өткзілді. Оқырмандар Сәбит Мұқановтың өмірбаянымен, шығармашылығымен танысып, өздерінің оқыған кітаптарымен ой бөлісті. Іс-шара барысында оқырман Н.Бодаубек «Сұлушаш» романы туралы айтып, кітап оқуға шақырды. Соңында балаларға кітапхана қорындағы кітаптарға шолу жасады.