”Поэзия — тірлігім, тіршілігім” атты танымдық сағат өтті.

10 желтоқсан күні ”Поэзия — тірлігім, тіршілігім” танымдық сағаты

Бүгін Ақтөбе ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Мәдениет және Ұлт қайраткері, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, ақын-сазгер, балалар ақыны Бақыт Ақышқызы Исаеваның шығармашылығына арналған ”Поэзия — тірлігім, тіршілігім” атты танымдық сағат өтті.

Іс-шараның мақсаты – жастарға ақынның шығармашылық болмысын тереңірек таныстырып, рухани мұрасын кеңінен насихаттау.

Шара барысында Бақыт Ақышқызының елжандылықты, отансүйгіштікті дәріптейтін патриоттық толғаулары, рубайлары, өлеңдері мен әндері оқылып, тыңдалды. Ақын шығармаларының жас ұрпақты тәрбиелеуде, ұлттық рухты нығайтудағы орны ерекше екені атап өтілді.

Кітапханашылар мен оқырмандар ақынның әдеби мұрасына шолу жасап, оның поэзиясы арқылы берілетін адамгершілік, имандылық, Отанға деген сүйіспеншілік сынды құндылықтар жайында мазмұнды пікір алмасты.