«Тәуелсіздіктің тағылымды тарихы» тақырыбында тарихи сағат өткізілді.
10 желтоқсан күні Еңбекші ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен Еңбекші орта мектебінің 9-сынып оқушыларымен «Тәуелсіздіктің тағылымды тарихы» тақырыбында тарихи сағат өткізілді.
Іс-шараның мақсаты — оқушыларға Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасу жолын таныстырып, ел тарихындағы маңызды оқиғалар мен Тәуелсіздікке жету жолындағы күреске шолу жасау. Сонымен қатар жас ұрпақтың бойына елін сүю, туған жерін құрметтеу, ана тілін қадірлеу секілді рухани-адамгершілік құндылықтарды сіңіру.
Кітапханашы Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу кезеңдері, жеткен жетістіктері мен тарихи белестері жайлы кеңінен баяндап, оқушылармен еркін форматта пікір алмасу жүргізді. Балалар еліміздің нышандары, мемлекеттік тіл, ұлттық құндылықтар туралы ойларын ортаға салып, патриоттық өлеңдер оқыды.
Шара соңында оқушылар өз елінің азаматы екеніне мақтанышпен қарап, Тәуелсіздіктің мәні мен маңызын терең ұғына түсті.



