«Батыр тұлға Бауыржан» атты өнеге сағаты өтті.

9 желтоқсан күні Сауытбек ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен Ұлы Отан соғысының даңқты жауынгері, халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына орай «Батыр тұлға Бауыржан» атты өнеге сағаты өтті. Алға орта мектебінің 6 сынып оқушылары қатысты.

Шара барысында кітапханашы оқушыларға ержүрек қолбасшының өмірі мен ерен ерлігі жайлы,нақыл сөздерімен таныстырып, сонымен қатар батырдың ерлігін дәріптеп, оқушылар ерлік, отан жайлы өлеңдерін оқыды. Шара соңында “Ұшқан ұя”, “ Москва үшін шайқас”, “Арпалыс”, “Қаһарман Бауыржан Момышұлы” атты фотоальбомдарына шолу жасалды.