«Аты аңыз, сөзі нақыл, өзі батыр» атты батылдық сағаты өтті.
9 желтоқсан күні Еңбекші ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен Еңбекші орта мектебінің 8-сынып оқушыларының қатысуымен «Аты аңыз, сөзі нақыл, өзі батыр» атты батылдық сағаты өтті. Іс-шара қазақ халқының даңқты ұлы, аты аңызға айналған батыр, әскери стратег әрі жазушы Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына арналды.
Шараның мақсаты – Ұлы Отан соғысында ерен ерлік көрсеткен батырдың өмір жолы мен қаһармандық істерін, ұрпаққа қалдырған өсиет сөздері мен нақылдарын кеңінен таныстыра отырып, оқушылардың бойында Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық рухты қалыптастыру.
Кітапханашы оқушыларға Б.Момышұлының өмірбаяны мен ерлігі, әдеби мұрасы туралы кеңінен мәлімет беріп, батырдың отансүйгіштік қасиеттерін үлгі етті. Сонымен қатар оқушылар ержүрек қолбасшының нақыл сөздерін жатқа айтып, оның өмірі мен ерлігіне арналған бейнематериалдармен танысты.
Бұл батылдық сағаты жас ұрпақтың бойында елін, жерін сүюге деген құрмет пен жауапкершілікті арттыруға бағытталды.



