«Шу өңірі шұғылалы» тақырыбында кітап көрмесі таныстырылды.

9 желтоқсан күні Алға ауылдық кітапханашысының ұйымдастыруымен «Шу өңірі шұғылалы» тақырыбында кітап көрмесі таныстырылды.

Іс-шара барысында оқушыларға Шу өңірінің тарихы, табиғаты, мәдениеті және өңірден шыққан танымал тұлғалар туралы мазмұнды мәліметтер берілді. Кітапханашы өңірдің шежіресі, табиғат байлығы, жер-су атаулары мен мәдени мұраларына қатысты деректерді ұсына отырып, оқушылардың туған жерге деген қызығушылығын арттырды. Сонымен қатар көрмеде ұсынылған кітаптар арқылы балалар туған өлкесінің өткені мен бүгінін танып, рухани білімдерін толықтырды.

Мақсаты:

Оқушыларға Шу өңірінің тарихы мен мәдениетін таныту, туған жерге деген сүйіспеншілікті қалыптастыру, рухани-мәдени мұраларды құрметтеуге баулу, сондай-ақ оқуға қызығушылықтарын арттыру.