“Оқуға құштар ұрпақ – ел ертеңі” тақырыбында ақпараттық – танымдық сабақ ұйымдастырылды.

8 желтоқсан күні Шоқпар ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен “100 кітап” жобасы аясында “Оқуға құштар ұрпақ – ел ертеңі” тақырыбында ақпараттық – танымдық сабақ ұйымдастырылды.Іс – шараның мақсаты – оқушыларды әлемдік және отандық әдебиеттің озық үлгілерімен таныстыру, кітап оқуға қызығушылықтарын арттыру.Шара барысында кітапханашы оқушыларға жобада қамтылған кітаптар туралы қысқаша мәлімет беріп, олардың маңызы мен мазмұнын түсіндірді. Оқушылар көрмеге белсене қатысып, өз сұрақтарын қойып, әдебиетке деген қызығушылықтарын танытты. Іс-шара оқушылардың таным көкжиегін кеңейтіп, рухани дамуына ықпал етті.