“Жұмекен – шалқар дарын, мәңгілік мұра” атты сыр кеш өткізілді.
5 желтоқсан күні Абай ауылдық кітапханасында “ Бір ел- бір кітап” Республикалық акция аясында, ақын қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, терең ойлы ақын Жұмекен Сабырұлы Нәжмеденовтың- 90 жыл мерей тойына орай “Жұмекен – шалқар дарын, мәңгілік мұра” атты сыр кеш өткізілді. Шара шығармашылық мұрасын насихаттау мақсатында ұйымдастырылды. Сыр кеші барысында ақынның өмір жолы, әдеби әлемдегі орны, поэзиясының ерекшелігі мен тақырыптық бағыты жан-жақты таныстырылды.



