«Жемқорлық індет, жою міндет» тақырыбында тейбл-ток өткізілді.

5 желтоқсан күні Бірлікүстем ауылдық, кітапханасында Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мақсатында «Жемқорлық індет, жою міндет» тақырыбында тейбл-ток өткізілді. Іс-шара барысында кітапханашы халық тілінде жай ғана «жемқорлық» деп аталатын құбылыс барлық реформалардың тамырына балта шапқанда, оның себебін, қарсы шараларын білу қажет екенін және қауіп төндіретіндігін айтып өтті. Қатысушы оқырман Ақшабаева Шолпан сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды негізге ала отырып, құқықтық мағлұмат берді.