“Адалдық қоғам айнасы” атты пікір алмасу өткізілді.
5 желтоқсан күні Ақсу ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен “Адалдық қоғам айнасы” атты пікір алмасу өткізілді.
Іс-шарада кітапханашы Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оған қарсы мәдениетті қалыптастыру жайында баяндама оқыды. Пікір алмасу кезінде талқылауға ұсынылған сұрақтар қойылып, осы қойылған сұрақтарға жауап берген Ақсу әкімшілік қызметкерлері Е.Нұрғалив және Н.Ахметов өз оймен бөлісті.



