“Мен нашақорлыққа қарсымын!” атты дәріс өтті.

5 желтоқсан күні Балуан Шолақ ауылдық кітапханасында “Мен нашақорлыққа қарсымын!” атты дәріс өтті.

Іс-шара барысында кітапханашы Б. Ахметова қазіргі қоғамда есірткінің зияны туралы білмейтіндер аз болғанымен, соған қарамастан оны пайдалану фактілері әлі де кездесетінін атап өтіп, кең көлемді баяндама жасады. Ол есірткі адамның денсаулығын ғана емес, өмір сапасын толықтай бұзатын қауіпті құбылыс екенін түсіндірді.

Шараға ауыл емханасының салауатты өмір салтын насихаттау бөлімінің дәрігері Сейітбаева Шолпан қатысып, оқырмандарға нашақорлықтың анық белгілері туралы жан-жақты ақпарат берді. Маманның айтуынша, есірткіні қолданатын адамды мынадай белгілер арқылы тануға болады:

– терінің түсі мен құрылымының бұзылуы;

– жиі мұрынның бітелуі және тыныс алудың өзгеруі;

– ұйқының бұзылуы, мазасыздық;

– мінез-құлықтағы күрт өзгерістер.

Дәріс барысында қатысушылар нашақорлықтың жеке адамға, отбасына және қоғамға әкелетін зардаптары туралы маңызды мәлімет алды. Іс-шара жастарды зиянды әдеттерден аулақ болуға шақырып, салауатты өмір салтын ұстанудың маңызын айшықтаумен аяқталды.