«Отан үшін отқа түскен арда ер» тақырыбында тұлға тану болып өтті.

4 желтоқсан күні Алға ауылдық кітапханашысының ұйымдастыруымен “Ел болып оқимыз” жобасы аясында «Отан үшін отқа түскен арда ер» тақырыбында тұлға тану болып өтті.Іс-шара барысында оқушыларға ел қорғауда ерлігімен танылған ардагер тұлғаның өмір жолы, батырлық болмысы, Отанға адалдығы туралы мазмұнды мәліметтер берілді. Кітапханашы тарапынан батырдың ерлікке толы естеліктері, туған жері мен өскен ортасына қатысты деректер ұсынылып, оқушылар оның өнегелі өмірінен тағылым алды.

Мақсаты: оқушыларға елін қорғаған арда ердің ерлік жолын таныту, отаншылдық рухты қалыптастыру, батырлық пен ерлік қасиеттерін бағалауға баулу, сондай-ақ Отан алдындағы жауапкершілік сезімін арттыру.