“Әжемнің ертегісі” тақырыбында кітапхананың кішкентай оқырмандарына құлын, қозы, лақ ертегісі оқылды.

4 желтоқсан күні Балалар мен жасөспірімдер кітапханасы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Ұлттық құндылықты дәріптеу мақсатында, “Әжемнің ертегісі” тақырыбында кітапхананың кішкентай оқырмандарына құлын, қозы, лақ ертегісі оқылды.Шара қазақ халық ауыз әдебиетіндегі тәрбиелік мәні зор, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан ертегі айту дәстүрін сипаттайтын тақырып аясында өрбіп, әже ертегі айту арқылы балаларға өмірлік өнеге үйретіп, жақсылық пен жамандықты айыра білуге, адамгершілікке, мейірімге, еңбекқорлыққа баулыды.