“Халық қаһарманы – Бауыржан Момышұлы” атты танымдық сағат өтті.

3 желтоқсан күні Абай ауылдық кітапханасында “Ел болып оқимыз“ жобасы аясында “Халық қаһарманы – Бауыржан Момышұлы” атты танымдық сағат өтті. Шараның мақсаты – халқымыздың біртуар перзенті, даңқты қолбасшы, Ұлы Отан соғысының батыры, жазушы Бауыржан Момышұлының өмір жолын, ерлігін, әскери тактикасы мен елге сіңірген еңбегін жас ұрпаққа кеңінен таныту. Шара барысында батырдың қаһармандығы, әскери шеберлігі, тәрбиелік өсиеттері, адамгершілік қасиеттері туралы мағлұмат беріліп, деректі материалдар, қанатты сөздері мен естеліктер айтылып, кітаптарына шолу жасалынды.