“Ертегілер еліне саяхат” атты тақырыбында балаларды қазақ халық ауыз әдебиетімен, әсіресе ертегілер әлемімен таныстыруға бағытталған танымдық-тәрбиелік шара өтті.

3 желтоқсан күні Балалар мен жасөспірімдер арналған кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Саяхаттау кітапхана жоба аясында “Ертегілер еліне саяхат” атты тақырыбында балаларды қазақ халық ауыз әдебиетімен, әсіресе ертегілер әлемімен таныстыруға бағытталған танымдық-тәрбиелік шара өтті. Бұл тақырып аясындағы шараның мақсаты ертегілердің тәрбиелік мәнін насихаттауға, балалардың қиялын, тілін, ойлау қабілетін дамытуға, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге арналды.