«Адамзатқа төнген қауіпті дерт» тақырыбында библиотерапия ұйымдастырды.

2 желтоқсан күні №1 Шу қалалық кітапханасының қызметкері Төле би атындағы орта мектеп оқушыларының қатысуымен «Адамзатқа төнген қауіпті дерт» тақырыбында библиотерапия ұйымдастырды.

Іс-шараның мақсаты — оқушыларға қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі: темекі, ішімдік, есірткі және СПИД сынды зиянды әдеттердің адам денсаулығына тигізер зияны мен қауіп-қатері туралы жан-жақты түсінік беру.

Кітапханашы жастардың санасында зиянды заттардан аулақ болу қажеттігін қалыптастырып, оларды салауатты өмір салтын ұстануға шақырды. Сонымен қатар, СПИД ауруының жұқпалы әрі адам өмірі үшін аса қауіпті екенін ескертіп, одан сақтану жолдары кеңінен түсіндірілді.

Библиотерапия барысында оқушылар өз пікірлерін білдіріп, тақырыпқа байланысты сұрақтарға жауап беріп, белсенділік танытты.