«Қуғынмен басталып, азаппен аяқталған ғұмыр» атты танымдық сағаты өтті.

28 қараша күні Бірлікүстем ауылдық кітапханасында Міржақып Дулатовтың 140 жылдығына арналған «Қуғынмен басталып, азаппен аяқталған ғұмыр» атты танымдық сағаты өтті.

Шарада ақын, публицист, қоғам қайраткері М.Дулатұлының өмірі мен шығармашылығы туралы айтылып, Міржақып – қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі, Алаш қозғалысының белсенді мүшесі. Ол «Оян, қазақ!» деп халықты рухани жаңғыруға үндеп, ұлттың азаттығы жолында еңбек еткен тұлға екендігі туралы мағлұмат алды.