«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» туралы заңы жайлы кеңінен ақпарат берді.

27 қараша күні Абай ауылдық кітапханасында «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» атты тәрбие сағаты өткізілді.

Шара барысында кітапханашы қатысушыларға сыбайлас жемқорлықтың түрлері, оның салдары және Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» туралы заңы жайлы кеңінен ақпарат берді.

Оқырмандар белсенді түрде пікір алмасып, өз ойларын ортаға салды. Іс-шара соңында қатысушылар «Адалдық – адамдықтың негізі» деген ортақ ойға тоқталып, қоғамда әділдік орнату әр азаматтың борышы екені атап өтілді.