«Рухпен арды ту еткен» атты дайджест кітапхана оқырмандарының қатысуымен өткізілді.
27 қараша күні Далақайнар ауылдық кітапханасында Қазақ көсемсөзінің негізін қалаған Міржақып Дулатұлының 140 жылдығына орай «Рухпен арды ту еткен» атты дайджест кітапхана оқырмандарының қатысуымен өткізілді.
Іс –шара барысында кітапханашы оқырмандарға тәуелсіздік алудағы есіл азамат – М.Дулатовтың өмірімен, шығармашылығымен таныстырып, – қазақ халқының тарихында өшпес із қалдырған, ұлттық сананы оятуға ұмтылған рухани көшбасшы, Алаш қозғалысының алдыңғы шебінде жүрген ұлтжанды тұлға екендігін айтып өтті. Шараға қатысқан оқырмандар М.Дулатұлының өлеңдерін мәнерлеп оқып берді. Кітапханашы оқырмандарды кітап қорындағы әдебиеттермен таныстырыды.


