«Жұмекеңнің жыр әлемі» атты әдеби кеш кітапхана оқырмандарының қатысуымен өткізілді
26 қараша күні Далақайнар ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында терең ойлы ақын Қазақстанның қазіргі әнұран мәтінінің авторы Жұмекен Нәжімеденовтің 90 жылдығына арналған «Жұмекеңнің жыр әлемі» атты әдеби кеш кітапхана оқырмандарының қатысуымен өткізілді.
Іс-шара барысында кітапханашы оқырмандарға ақын шығармашылығын кеңінен таныстырып, оның өнегелі өмірі мен терең мағыналы туындылары туралы айтып өтті. Шараға қатысқан оқушылар Жұмекен Нәжімеденовтың «Менің Қазақстаным», «Туған жер», «Жартас», «Менің әжем» т.б өлеңдерін мәнерлеп оқыды.
Шара соңында кітапханашы оқырмандарға кітап қорындағы әдебиеттер мен таныстырды.


