“Гүлденген ауыл” атты тақырыпта дәріс өткізілді.
25 қараша күні Мойынқұм ауылдық кітапханашысының ұйымдастыруымен “Гүлденген ауыл” атты тақырыпта дәріс өткізілді.
Шараға әкімшілік қызметкерлері С. Даулеталиев және К. Кожанова қатысты. Кітапханашы ауыл туралы қысқаша мағлұмат беріп, сөз кезегін С. Даулеталиев өз сөзінде оқырмандарға Гүлденген ауыл – халқы тату, тұрмысы жақсарған, инфрақұрылымы жақсы дамыған елді мекен екенін түсіндірді. Мұндай ауылда жолдар жөнделіп, жаңа нысандар салынып, мәдениет пен білім беру орындары жұмыс істейді. Ауыл шаруашылығы дамып, тұрғындар өз еңбегінің жемісін көреді. Таза ауыз су, жарық, көгалдандыру, демалыс орындары ауылдың көркін арттыра түсіп отырғандығын жеткізді.
Гүлденген ауыл – елдің экономикалық қуаты мен халқымыздың бірлігінің көрінісі. Әрбір азамат туған жерін көркейтуге үлес қосса, ауылдың да, елдің де болашағы жарқын болмақ.



