”Қазақстан – жемқорлықсыз қоғам” тақырыбында ақпарат сағаты өткізілді.

24 қараша күні №2 Шу қалалық кітапхананың ұйымдастыруымен ”Қазақстан – жемқорлықсыз қоғам” тақырыбында ақпарат сағаты өткізілді.

Мақсаты: оқырмандарға жемқорлықтың қоғамға тигізетін зияны туралы түсіндіру, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, адалдық пен әділдік құндылықтарын насихаттау.

Ақпараттық сағат барысында сыбайлас жемқорлықтың мәні, түрлері, себептері және салдары түсіндірілді. Жемқорлықтың экономикаға, білім беру мен әлеуметтік салаға тигізетін кері әсерлері туралы ақпарат берілді.