“Алаш мұрасы – ұрпаққа аманат” атты әдеби-танымдық сағат өтті.

24 қараша күні №3 Шу қалалық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Ы.Алтынсарин мектебінің 9 сынып оқушыларының қатысуымен қазақ халқының тарихында ойып тұрып орын алатын ұлттың ардақтысы, қазақ көсемсөзінің іргетасын қалаушылардың бірі, Алаш үкіметінің құрылуына үлес қосқан ұлтжанды қайраткер М.Дулатовтың 140 жылдық мерейтойына орай “Алаш мұрасы – ұрпаққа аманат” атты әдеби-танымдық сағат өтті. Іс-шара барысында М. Дулатовтың қазақ әдебиетіне қосқан үлесі мен оның шығармаларындағы ұлттық құндылықтар мен тәрбиелік мәні туралы, туған жері, білім алған мекемелері, сондай-ақ оның қазақ халқы үшін атқарған қоғамдық қызметі туралы тың ақпараттар айтылды. Оқушылар қаламгердің өлеңдерін мәнерлеп оқып, “Бақытсыз Жамал” романын қысқаша айтып берді.