«Поэзиясы сан қырлы Жұмекен» атты фанфикшн өткізілді.

24 қараша күні орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлім қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Әл – Фараби атындағы орта мектебінде қазақтың көрнекті ақыны, прозашы, аудармашы, философиялық лириканың шебері Ж. Нәжімеденовтың туғанына 90 жыл толуына орай «Поэзиясы сан қырлы Жұмекен» атты фанфикшн өткізілді.

Іс-шара Ж.Нәжімеденовтың өмірі мен шығармашылығына арналды. Кітапханашы ақынның шығармалары тереңдік, ой байлығы, тіл тазалығы және ұлттық мінезбен ерекшеленетінін баяндап өтті.