«Сыбайлас жемқорлық: теориялық негіздері, даму тарихы және түрлері» атты тақырыбында тэйблток өтті.

21 қараша күні N1Шу қалалық кітапхана қызметкерінің ұйымдастырумен Төле би атындағы орта мектебінің 10-сынып оқушыларының қатысуымен «Сыбайлас жемқорлық: теориялық негіздері, даму тарихы және түрлері» атты тақырыбында тэйблток өтті. Іс-шара барысында кітапханашы жемқорлық жайлы ақпараттар беріп, ситуациялық жағдайлар талқыланып, Мұхтар Олжас «Жемқорлық бар жерде алынған білімнің де, жасалған жұмыстың да пайдасына қарағанда зияны көп болмақ. Елдің ертеңі үшін болашақ жастарға жемқорлықты жою керек екенін түсіндіруміз керек деп» ойын білдірді. Шара соңында сыбайлас жемқорлық туралы мағлұматтар бар түсіндірме парақшалары таратылды. Кітапханашы сыбайлас жемқорлық жайлы кітаптарына шолу жасалынып өтті.