“Балаға жүрек жылуы” атты тәрбие сағатын өткізді.
21 қараша күні №3 Шу қалалық кітапхана қызметкерлері қиын балалармен жұмыс жасау мақсатында №40 мектеп-лицейінің 8 сынып оқушысы Тиканов Дмитрий Алексеевичтың қатысуымен “Балаға жүрек жылуы” атты тәрбие сағатын өткізді. Шара барысында кітапханашы қазіргі жас ұрпақтардың – болашақтағы еліміздің ертеңі болып табылатын балалардың сана-сезімін, мінез-құлқын, ақыл-ойын дамыту үшін өзін-өзі басқаруды нығайтып, ұжымдық шығармашылық істерге дағдыландырудың тәлім-тәрбиелік маңызы үлкен екендігін түсіндіріп, баланы дұрыс тәрбиелеу үшін отбасы қоғаммен тығыз байланыста болуы керектігін айтып өтті.


