«Болашаққа қадам: жасанды интеллект және цифрлы экономика жағдайындағы кітапхана» тақырыбында облыстық форсайт сессия өтті.
21 қараша күні Мойынқұм аудандық мәдениет үйінде «Болашаққа қадам: жасанды интеллект және цифрлы экономика жағдайындағы кітапхана» тақырыбында облыстық форсайт сессия өтті.
Іс-шараның мақсаты кітапханалардың, цифрлы экономиканы дамыту жағдайындағы жаңа мүмкіндіктерін айқындау, жасанды интелект пен заманауи технологияларды кітапхана қызметіне тиімді енгізу жолдарын талқылау.
Сессия барысында Шу аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директорының орынбасары Нұртаева Эльмира Жақсыбайқызы «Оқуды ынталандыру үшін онлайн сервистерді пайдалану» тақырыбында баяндама оқыды.



