«Тарихы терең – қазақ елі» атты танымдық сағат өтті.

20 қараша күні Сауытбек ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен Қазақ хандығының 560 жылдығына арналған «Тарихы терең – қазақ елі» атты танымдық сағат өтті.

Шара барысында кітапханашы Қазақ хандығының құрылуына себеп болған тарихи оқиғаларды еске түсіріп, елдің қорғаны болған ұлы тұлғалардың ерліктері туралы әңгімеледі.