“Күш атасы -Балуан Шолақ” атты танымдық сағат өтті

19 қараша күні Ақтөбе ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен Балуан Шолақ Баймырзаұлының 160 жылдығына арналған “Күш атасы -Балуан Шолақ” атты танымдық сағат өтті.Шараның мақсаты :Оқушыларды күш атасы Балуан Шолақтың өмірі және тарихымен таныстыру. Ұлы ғұламаның шығармашылығымен таныстыра отырып, тәрбие мен білім беру. Оқушыларды адамгершілікке, өнерді сүюге, салауатты өмір салтын ұстануға, үлгі – өнеге алуға шақыру.