“Балалар әдебиетінің бәйтерегі” атты әдеби-танымдық кеш өтті.
18 қараша күні N1 Шу қалалық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен жазушы Сапарғали Бегалиннің 130 жыл мерейтойына орай “Балалар әдебиетінің бәйтерегі” атты әдеби-танымдық кеш өтті.
Іс-шара барысында қаламгердің өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат беріліп, оқырмандар оның өлеңдері мен шығармаларынан үзінділер оқыды.



